Ашық тәрбие сағаты «Елдің асыл тірегі Ата заң»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«№ 17 жалпы білім беру орта мектебі»

























Тақырыбы: «Елдің асыл тірегі Ата заң»





Мұғалімі: Д.К. Тажгарина

























Ақтау қаласы

2016 жыл

«АТА ЗАҢ» күні

Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне орай

«Елдің асыл тірегі -Ата заң»

атты ашық тәрбие сағаты





Тажгарина Дана Канаткалиевна

Маңғыстау облысы Ақтауқаласындағы № 17 мектептің тарих пәні мұғалімі





Мақсаты: Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ата заң - елдігімнің еңсесі» тақырыбы жазылған плакат, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.

















1-жүргізуші:

- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының жиырма бір жылдығына орай өткізіліп отырған «Елдің асыл тірегі - ата заң» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !

Қазір сіздердің алдарыңызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны





2-жүргізуші:

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.





1-жүргізуші:

Қазақстан -егеменді байрақты ел,

Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.

Ата заңым - елдігімнің еңсесі,

Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Заңым барда зайырлы елмен теңестір,

Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.

2-жүргізуші:

ҚР Конституциясы - мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы - әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

1-жүргізуші:

Ата заңым - ар-намысым, айбарым,

Болашағым, тектілігім, қайнарым,

Ата заңның аясында көш бастап,

Ел көгінде желбірей бер, байрағым!

Ән:

Ырысбибі:

Төлқұжатым, бек мұратым АтаЗаң,

Бізге жеткен мұрадай боп атадан.

Тәуке жазған Жеті жарғы бұлжымас,

Бұйрық, үкім бабам берген батадан.



Бұл даланың бұлтартпайтын заңы бар,

Ол ақсақал, алқа билер, қазылар.

Туғаны жоқ тура билер кесімгер,

Шешімдері әділ жолдан табылар.



Парламенті бұл даланың қыр басы,

Қыр басында қарттың сұсты тұлғасы.

Адам тұрмақ, тұсау ұрлау күйебоп,

Жағылатын бір ауылға күнәсі.



Қамшысымен тыйып, тежеп тентегін,

Ентігін де басар есер, еркенің.

Жесір дауы, туа қалса жер дауы,

Бір қария-ақ жазар еді «дертемін»



АтаЗаңым - бас кітабым, бұлағым,

АтаЗаңым - ар ожданым, тұрағым.

АтаЗаңым - шариғатым, шарттарым,

Бағдаршамым, бойға қуат ұраным.



Ынтымағын, татулығын, бірлігін,

Атап өтер 30-ы бұл ұлы күн.

Арқа сүйер АтаЗаңым тұрғанда,

Қазақстан өзіңменен Ұлымын,

Қазақстан биік сенің тұғырың!



Жанахмет:

Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!

Еліне арналатын тілегі шын

Ей, ұлым - Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

</<font color="#000000">Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

Жансұлу:

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Еліңнің дамуы мен дағдарысы

Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей өсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеу де және тегін қойылмайды!

Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Нұржан:

Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын,

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің - Ата Заң» деп мақтанатын!

Ақмаңдай:

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген

Ата Заң - Азат елдің Ар-намысы!

Ақылбек:

Бір шақта азаттық деп алаңдадың, Жаңғырды сол тарихың санаңда мың.

Тізесі барды бүктіріп, елдік құрып,

Басы барды еңкейткен қағандарым!

Алсу:

Болашағын айшықтап таңнан ұғар,

Бүгінгі ұрпақтың да өз арманы бар.

Бабалары ел бопты кеше оның

Өзіндік мемлекеті, заңдары бар.

Сұрақ - жауап

2-жүргізуші: Келесі кезекте көрермендерге сұрақ-бізден, жауап-сізден:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қай жылы және қалай қабылданды?

1995 ж. 30 тамыз, Бүкілхалықтық Референдум;

  1. Азаматтықты куәландыратын құжат? Куәлік, төлқұжат.

  2. Заң дегеніміз не? Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат.

  3. ҚР-ның құқық қорғау органдарын ата? Прокуратура, ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органы,

  4. Құқық дегеніміз не? Белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі.

  5. Мемлекеттің негізгі нышандарын ата? Ту, Елтаңба, Әнұран.

7.« Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз. Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет.

8.ҚР-ның Конституциясына анықтама бер. ҚР-ның Конституциясы Демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі нормативтік актісі.

9.Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады?

  1. астан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан;

10. Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы не? Отан қорғау, әскери борышты өтеу.

11. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?

Туу туралы куәлік, ата-анасының төлқұжаты;

Би: : «Қазақ биі»





1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi бүгiнiмiз бен келешегiмiздiң кемелдiгiнiң көрiнiсi. Рас, бұл мереке жыл сайын мемлекеттiк деңгейде аталып өтiлетiнi белгiлi. Десек те, биылғы мейрам ерекшелеу болғалы тұр. Өйткенi, Ата-Заңымыздың 21 жылдығы мемлекет пен халық тарапынан айрықша тойланады. Себебi, құқықтық саясатымызда Тәуелсiздiгiмiз бен Конституциямыз тайға таңба басқандай ажырамас егiз ұғымға айналған. Бiрiнсiз бiрi толыққанды мазмұнға ие бола алмасы анық.

2-жүргізуші:

Конституция дегеніміз - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында алтын дала- Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.

Ханзада:

Конституция-ерікті елдің құқы,

Адам құқы, алдымен ердің құқы.

Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,

Конституция- алтынзаң, елдің құты.

Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды мұны бар достар бүгін.

Ермек:

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім - сағынарым ,

Мәңгі - бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Әсел:

Ата- бабам тұлпар мініп айқасқан,

Әрбір сөзге кесек- кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел президенті сайланды,

Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.

Аманжан:

Көк байрағы даламның,

Бүгінгі ұрпақ жалауы.

Тірегі әке- баланың, Қазақстан жалауы.

Дана: Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Мөлдір:

Көрсек те кеше қысым жаттан анық,

Өзгенің ала жібін аттамадық.

Бүгінгі Ата Заңым сол тарихтың

Бостандық боп бекіген баптары анық.



Адамның құқығының қорғап бәрін,

Айқындап берді билік тармақтарын.

Халықаралық құқықпен үндестің де,

Әлемде өз орныңды салмақтадың.





Көрініс: Ата заңын ұлықтаған ел

1-жүргізуші:

Ата-бабаларымыз қолданған дала заңы ежелден-ақ құқықтық саясатымыздың негiзi болғанын ұмытпауға тиiстiмiз. Біздің Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз. Осы әділ Заң аясында көп ұлтты Қазақстан халқы бір анадан туып, бір ананы емгендей тату-тәтті бақытты өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, байлығын молайтып, қорғаныс қуатын арттырып келеді. «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сияқты тарихи дала заңынан бастау алған Ата Заңымыз қабылданған 20 жыл ішінде өзінің әділдігін, өміршеңдігін көрсетті.

Дінмұханбет:

Сақтаған шекарасын жаттан да аман,

Бір ауыз тура сөзге тоқтар бабам.

"Қасқа жол", "Ескі жол" деп аталатын

Қасым хан, Есім ханнан баптар қалған.



Баспаған батырлары сында аптығын,

Жау тисе, жорық жырын шырқапты мың.

Әз-Тәуке - "Жеті Жарғы", ердің құны,

Билерін ұмытқан жоқ ұрпақ бүгін.

2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

Аружан:

Еркін елдің Ата заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам құқы, бостандығы, теңдігі,

Барлығында қарастырған жан-жақты

Ата заңым - бабалардың лебізі,

Ата заңым - барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата заңда адамды,

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

1-жүргізуші:

Ендеше ата заңға байланысты мақал-мәтелдерімізді айтып өтейік.

Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды ғой.

Әлихан Бөкейханов

2-жүргізуші:

Адам жылап отырса - оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?!

Әлихан Бөкейханов

1-жүргізуші:

Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?!

Әлихан Бөкейханов

2-жүргізуші:

Заң дегеніміз - ноқта.

Шерхан Мұртаза

1-жүргізуші:

Заңның - азы, орындалуының - көбі ләзім.

Шерхан Мұртаза

2-жүргізуші:

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Шерхан Мұртаза





Күй:

Орындайтын:

Мұхтархан:

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан - саласын реттейтін,

Әрбір заң Ата заңнан туындаған.

Самал:

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері,

«Халқыма адалмын» деп, Ата заңға

Елбасы қолын қойып ант береді!

Сағындық:

Шалдықпадым талмадым

Арманды алға жалғадым

Конституция қорғаным

Атасы ол бар заңның

Дәурен:

Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты

Қорғар бәле -жаладан

Ата Заң бұл ардақты

Марат:

Алтын заңым қорғайды

Бар адамның теңдігін

Әділетті қолдайды

Арқа тұтып, ел бүгін

Хор: Көк тудың желбірегені

Дана апай:

Күні бүгін ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік , біртұтас, жалпыға бірдей Ата-заңымыздың болуы. Осы Ата заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтай келе,сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Іргебаевнаға береміз.

1-жүргізуші: Көріп , тамашалағандарыңызға рахмет!

2-жүргізуші: Сау болыңыздар!





























































X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал