Математика пәнінен ашық сабақ тақырыбы Есеп 'Неше жас үлкен?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ақтөбе қаласы Құрашасай орта мектебі Бастауыш класс мұғалімі Ахметова Жазира Жексеновна Пәні Математика Тақырып: Есеп (неше жас үлкен?) Мақсаты: Есептерді салыстыру Ұқыптылыққа баулу. Есептеу машығын арттыру, ой - өрісін дамыту. Әдіс тәсілдері: Пәнаралық байланыс Түсін
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы

Құрашасай орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі Ахметова Жазира Жексеновна

Пәні Математика
Тақырып: Есеп (неше жас үлкен?)
Мақсаты: Есептерді салыстыру Ұқыптылыққа баулу. Есептеу машығын арттыру, ой - өрісін дамыту.
Нәтижесі: Оқушыларды санды көбейтіндіге бөлу тәсілімен танысады, есептеудің тиімді тәсілін қолданады
Көрнекілік: Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Әдіс тәсілдері:
Пәнаралық байланыс Түсіндіру, сұрақ - жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Ана тілі, қазақ тілі ұлттық дүниетаным
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
ІІ Өткен материалды пысықтау
ІІІ Жаңа сабақ
Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды бекіту
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқу құралдарын жинақтау. ә) Назарларын сабаққа аударып, сабақты бастау.
Бір, екі, үш,
Сынып тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Өйткені бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Сонымен бізде бүгін ашық сабақ. Бүгінгі сабақта топқа бөлініп, жарыс түрінде өтеміз.
Сыныпты 4 топқа бөлеміз.
I топ II топ III топ IV топ
Қай топтың оқушылары сабаққа жақсы қатысып, көп ұпай жинайды екен сабақ барысында көрелік.(Сабаққа жақсы қатысқан оқушыға ұпайын беріп отырамын)
Олай болса қане, бастайық. Күннің жадын жазып қою.
Ой қозғау
• Азайғышы 10 болатын айырманың мәнін тап.
• Қосындының мәні 10 ға тең болатын өрнекті ата.
• Қосудың компоненттерін ата.
• Айырманың мәні 7 - ге тең болатын өрнектерді ата.
• Мына сандардың құрамын ата. 9 8 7 5 6 4
• 3 пен 5 тің қосындысын тап.
• 7 мен 2 нің айырмасына 1 ді қос.
• Азайтудың компоненттерін ата.
Ребус шешу. Ребустың шешуіндегі сөзді табу. Біл жаңа тақырыптың аты.
Өте жақсы балалар, Ребустың шешуінде «Неше жас үлкен деген» сөз шықты. Яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз Неше жас үлкен деп аталады. Бүгін біз салыстыру арқылы есептер шығарамыз. Қай топ мықты екен көреміз.
Ендеше оқулығымыздың 131 бетіндегі №1 есепке қарайық:
• Есептің берілгенін кім оқиды. (Бір оқушы оқиды)
• Есеп не туралы кімдер туралы айтылған?
• Ағасы мен қарындасы.
• Олар туралы не айтылған?
• Олардың жастары туралы.
Жарайды олай болса мына суретке қарайық (Сурет бойынша жұмыс)
Қалай табамыз? кім шығарады?
Ағасы 10 жаста? жас үлкен қарындасы 4 жаста
Қарындасы 4 жаста Ағасы? 6жас үлкен
Ш: 10 - 4= 6 Ш: 4+ 6= 10
Ж: Ағасы 6 жас үлкен Ж: Ағасы 10 жаста

Балалар, бұлар қандай есептер
Өзара кері есептер
Өте дұрыс.
Балалар не байқап отырсыңдар? Бұлар қандай сөздер?
Туыстықты білдіретін сөздер
Өте дұрыс. Ал сендер бұдан басқа қандай туыстық білдіретін сөздер білесіңдер?
(Оқушылар өз білгендерін айтады)
Әже апа аға ата сіңлі нағашы жиен бөле іні
? жас үлкен
Музыкамен сергіту сәті орындалады.
№ 2 Мәні 5 - ке тең болатын қосындыларды жаз.
0+5 1+4 2+3 4+1
№ 3 Ұзындығы 4 см - ден артық, 8 см - ден кем кесінді сызу.
6 cм
«Кім тапқыр?» ойыны.
Есеп шығару арқылы Бос тор көздерді толтыру. Сондағы шыққан сөзді табу.
Әрбір шыққан сөзге түсінік беру.
Түлкі Орманда болады. Ол өте у а
Раушан гүлін мереке кезінде туған күн кешіне тарту етемін
№ 4 Салыстыру.
4+4*9 - 1 8 - 3*7+2 4 - 3*3 - 3
10 - 5*4+3 9+1*6+4 5+2*7 - 0
Өзіндік жұмыс:
Бірнеше есептер беріледі оқушылар өз бетінше орындайды.
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта не өттік? Нені білдік?
Кейінгі тапсырма Шығармашылық тапсырманы орындату.
Сабақты бағалау
рефлекция Өзін - өзі бағалау Смайлинг сурет
Бағдаршам







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал