Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сауат ашу және көркем әдебиет. 6 жасар даярлық тобы.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: - Ф дыбысы мен әрпін таныстыру. -«Ф» дыбысы бар сөздерді атау,буынға бөлу. -Дыбыстық талдау жасау. -Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекі құралдар: суреттер,кеспе әріптер, текшелер, буын сөздер. Әдіс-тәсілдер: ойын,сөздік,көрнекілік,практикалық. Пән аралық байланыс: сауат ашу,көркем әдебиет. Сабақтың барысы; Орман ішінде шөптерді , гүлдерді реттеп , Орман Перизаты жүреді. Бір кезде шықылықтап сауысқан ұшып келеді.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

Сауысқан: Орман Перизаты,Орман Перизаты! Сізге хат келді. Орман Перизаты: Сауысқан-ау,не болып қалды, кірген бетте сәлемдесуді де ұмытып кеттің ғой. Сауысқан: Кешіріңіз,сәлеметсіз бе? Орман Перизаты: Сәлеметсің бе,Сауысқан. Хат қайдан келді екен,ашып оқиын. О-хо, менің еліме 6 жасар даярлық тобы қонақтарды күтуге келе жатқан көрінеді.Кәнеки,ендеше аңдарымды жинайын./Түлкі,аю,қоянды жинайды/.Балаларды қарсы алады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қош келдіңдер! Сіздермен бірге, бізде қонақтарға білімімізді көрсетуге әзірміз. Мұғалім:Кәне, ендеше шаттық шеңберін құрып,қол ұстасып тұрайық.Алақан жылуын сезінейік.Алақан жылуын сезіндіңдер ме? Қандай тамаша! Арайлап бүгін атты күн, Шашып бірге шапағын. Тілейміз сізге ақ таңның, Қуанышын,шаттығын. Қайырлы таң, қайырлы күн. Қуанышты күн бүгін, Сәлеметсіздер ме,қонақтар?









Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

-Жақсы,балалар енді біз поезға мініп орманға саяхатқа шығайық.Ол үшін алдымен гүлдерді терейік.Ал гүлдердің өзіндік қасиеттері бар.Қасиеттері сол гүлдердің ішінде әріптер жасырынған.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

- Кәне, кімнің қолында қандай әріптер жасырынған екен? Ол қандай дыбыс?Балалар біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.Енді дыбыс дегеніміз не,әріп дегеніміз не екенін ажыратып алайықшы.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

-Жақсы,балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.Енді поезға мініп саяхатымызды жалғастырайық. /пуп-пуп,пуп-пуп,пуп-пуп/. -Балалар,қараңдар атқылап жатқан суды көрдіңдер ме? Ол не? -Фонтан.

-Дұрыс. Фонтан деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-Ф дыбысы.

-Ол қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс.

Тақтаға «Ф» дыбысы ілінеді. Ауада 3-4 рет қайталап жазу.

-Балалар «Ф» дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?

-Факс,фартук,фирма,ферма,фонтан,фокус.

-Балалар кім «Ф» дыбысынан басталатын өлең,тақпақ біледі? Кім айтады?

-Жақсы,саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық./пуп-пуп, пуп-пуп,пуп-пуп./

-Балалар,келесі «Буынды буынға қос» аялдамасына келдік.Ағаш жапырақтарында буындар берілген.Сол буындардан сөз құрастыру керек.

-Өте жақсы.Сендер өте тамаша орындап жатырсыңдар.

-Енді поезға мініп саяхатымызды жалғастырайық./пуп-пуп,пуп-пуп,пуп-пуп./

-Келесі аялдама «Сөз құрастыр»./кеспе әріптерден сөздер құрастыру./









































Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

-Балалар,өте жақсы.

Енді бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?

Мына адасқан әріптер арасынан «ф» дыбысын тауып беріңдерші.

Сонымен,балалар біз тапсырманы бірлесе отырып орындадық. Олай болса сабағымызды «Достық»әнімен аяқтағымыз келіп отыр.









</<br>














Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.





















































Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Байжұманова Айгүл Советбайқызы.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал