Математика 3 класс 'Таблица умножения и деления на 9. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:                                                Математика Тема урокаТаблица умножения и деления на 9.Цели и задачиОзнакомление учащихся с принципом составления таблиц умножения и деления на 9. Рассмотреть способ составления таблиц умножения и деления на 9.  Совершен
предварительный просмотр материала


Тақырыбы:

«Оқытуда сын тұрғысынaн oйлay әдістерін қолдану»

Жалпы мақсат:

Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлау түсінігімен, әдістерімен таныстыру, оны жүзеге асыруды сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары арқылы жүргізу.Тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі, идеялармен алмасуға және қорғауға беймдеу.

Күтілетін нәтижесі

Сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалануы. Инновациялық стратегиялармен және әдістермен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінуі; тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы.

Түйінді идеялар:

Білім беруді дамыту үшін сын тұрғысынан ойлау маңызды болып табылатын ең басты түсінік. Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау.

Қолданылатын материалдар:

Презентация, постерлер, маркер, стикер,А- 4 парақтары, интерактивті тақта.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті


Сабақ барысы

Сабақ бөлімі

Уақыт

Коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу

5 мин

І. «Салфетка» әдісі

Мына қораптың ішінен өздеріңе керегінше салфетканы алуын өтіну.

-Қанша салфетка алдыңыз, сонша айналаңыздағы адамдар білмейтін өзіңіздің бойыңыздағы қасиеттеріңізді айтыңыз.

Топқа бөліну

2 мин

Мұғалімдер күнтізбе көмегімен топқа бөлінеді.


Ой шақыру

5 мин

-«Идеялар мен түсініктер себеті» әдісі. Сұрақтар:
1) «Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білесіздер?
2) Блум таксономиясы туралы не білесіздер?
3) Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс?
Тақырыпты топпық талқылауға салу.


Рефлексия

3мин

Түйінді идеяларды стикерлерге жазып, себетке салу. Идеялар қайталанбау керек.

Сын тұрғы сынан ойлауға тапсырма

10мин

- "Күріш өсіру" бейнеролигі

Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне

байланыстырып постер қорғау.

Теориялық мағлұмат

10 мин

Берілген сұрақтарды Блум таксономиясы бойынша ойлау қабілеттерін сараптау. Флипчартта орындау

1. Алманың адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар?

2) . Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.

3) . Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз
4). Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
5). Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге - ия немесе неге - жоқ?
6). Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?


Рефлексия

2 мин

- Сұрақтарды Блум таксономиясына бөлген кезде қандай қиындықтар туындады?
Бұл сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастыруға болады?

5 мин

- «Диаманта» тәсілі

«Тәлімгер» сөзіне диаманта құрастыру:

1, 7 жолдар - антонимды сын есімдер

  1. Бірінші зат есімге екі сын есім

  2. Бірінші зат есімге үш етістік

  3. Зат есімдерге екі сөз тіркесі

  4. Екінші зат есімге үш етістік

  5. Екінші зат есімге екі сын есім

Топпен жұмыс

6мин

VΙ. «Бұрыштар әдісі»

1топ сын тұрғысынан ойлауды пайдалану тиімділігіне аргументтер айтады, 2 топ -қарсы шығады.


Рефлексия

2 мин

«Алақан»

Сол қолын қағазға бастырып,саусақтардың ішіне жазу керек:

Бас бармаққа - не ұнағаны

Сұқ саусаққа - өзіме не алдым

Ортанғы саусаққа - не кедергі болды

Аты жоқ саусаққа - тағы не білгім келеді

Шынашаққа - тілек жазу. Болған соң қайшымен қиып, тақтаға ілу.






если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал