Жапсыру 'Жемістер мен көкөністер'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: -Балаларды Т әрпінің баспа түрімен таныстыру.Т әрпінен
келетін сөздер айта алуға,сөз құрауға,буынға бөлуге,
дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылық: -Балаларға сөз құрату арқылы сөздік қорын молайту,
ойын арқылы суреттерді көрсете отырып, ойлау
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: -Балаларды әсемдікке,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,
әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,кеспе әріптер,Әліппе- дәптер слайттар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне,менің қолым.
Оқушыларды топқа бөлу 1-топ:Торғай
2-топ:Тоқылдақ
3-топ:Тауық
Торғай,тоқылдақ,тауықтың дауыстарын аудиожазбасын тыңдату.
-Бұл қай құстың дауысы?торғай,тоқылдақ,тауық.
-Бәрі қандай дыбыстан басталады? Т дыбысынан.
Т дыбысын айтып көрейікші.Тіліміз қандай қалыпта тұр?Тіліміз тісімізге қатты тиіп тұрма?
Балалардың жауаптарын тыңдаған соң:
-Т дыбысына тіліміз кедергі жасап,тісімізге қатты тиіп тұр,яғни,бұл дыбысты қандай дыбыс дейміз? Дауыссыз дыбыс.
Т дыбысын дөңгелекпен белгілесек болады? Көк дөңгелекпен.
Т әрпімен таныстырып,ауаға жаздыру.
Балалардан ненің суреті бейнеленгенін сұрау.
-Ненің суреттері бейнеленген? Түйе,тарақ,телефон,таға,торсық
Тапсырма:Жоғалған әріптерді тап
1-топ:т а р а қ
2-топ:т о р ғ а й
3-топ:т о р с ы қ
Әліппе дәптермен жұмыс:Т әрпін бастырып жазады
-АТ,-ОТ,-ТА,-ТО,-ТӘ,-ТУ
А-ТА,ТА-У,ТА-Т,ТО-Т буындарын айтқызу
Сергіту сәті
Торғай,торғай тоқылдақ,
Жерден дәмді шоқып ап,
Бөтекесі бұлтиып
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.


Әліппе дәптердегі Торт,үстел,телефон,тақия сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Т дыбысының орнын айтқызу.
Ойын:»Сиқырлы таяқша»
Т әрпінен басталатын сөздер айтып,балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді.Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді.Ойын осы ретпен жалғаса бареді.
Тапсырма
1-топ:Торғай -Тәрпінен басталатын сөздер айтқызу.
2-топ:Тоқылдақ-Сурет бойынша әңгіме құрату.
3-топ:Тауық-Жұмбақтың шешуін табу.
1.Тұмсығымен ояды,
Ағаш қүртын жояды. (тоқылдақ)
2.Ағашта болса егер мең,
Хабар беріп тұмсықпен,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді. (тоқылдақ)
Сөзжұмбақ
1.Өрмекші ұясы?(тор)
ТОР 2.Тақтаға жазады не ол?(бор)
БОР 3.Қыста жауады?( қар)
ҚА Р 4.Қыста ойнайтын құрал?(шаңғы)
Ш А ҢҒЫ 5.Әжелеріміз нені ішкенді ұнатады?(шай)
Ш АЙ 6.Түнде аспанда болады?(ай)
АЙ





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал