Үлгілі сабақ 'К дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы : К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға Көгершін мәтінін буындап оқып

үйрету .

2. К дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау , сөйлемдер

құрату .

3. Оқушыларды сауаттылыққа , ұйымшылдыққа

тәрбиелеу .

Сабақ түрі : қайталау

Әдіс - тәсілі : түсіндіру , сұрақ - жауап , әңгімелеу .

Көрнекілігі : К дыбысы мен әрпіне арналған кестелер , суреттер , Көгершін суреті , слайд .

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі :

Психологиялық дайындық .

Жылулық шеңбері

Қуанамын менде ,

Қуанасың сенде .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнде .

  1. Ой ашар

К дыбысы қандай дыбыс?- дауыссыз.

Қандай дауыссыз дыбыс? - Қатаң дауыссыз .

К дыбысынан келетін сөздер құрау , сөздерден сөйлем құрау .

  1. Жаңа сабақ :

Ой толғау.

Балаларға жаңа сабақтың тақырыбын айтып таныстырамын .

Тақтаға көгершіннің суретін іліп , оның қай дыбыстан басталып тұрғанын анықтатамын .

Көгершін сөзіне дыбыстық талдау жасатамын .

К- қатаң дауыссыз

Ө - жіңішке дауысты

Г - ұяң дауыссыз

Е - жіңішке дауысты

Р - үнді дауыссыз

Ш - қатаң дауыссыз

І - жіңішке дауысты

Н - үнді дауыссыз

Оқулықпен жұмыс :

  1. Мәнерлеп оқу

  2. Буындап оқу

  3. Ойын : жалғастыр ойыны

Сұрақтар мен тапсырмалар орындау

  1. Айман мен Берік неліктен көгершіндерге қамқорлық жасайды?

Көгершіндерді жәбірлеуге болмайды .

Көгершін - бейбітшілік белгісі .

  1. Көгершін туралы не білесің?

Ақ көгершін көгершін

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін .

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып ,

Гүлге ұқсап демалам .

Қанатымды бір қағып ,

Гүлдей болып жайқалам .

Дәптермен жұмыс :

К әрпінің бас әрпінің элементтерімен таныстыру .

К әрпін тақтаға жазып көрсетемін . Ауада жазып көрсету .

К әрпінің бас әрпін жазғызу .

К әрпінің дәптердегі үлгісі бойынша бастыра жазады .

Кесе, кілем, кітап сөздерін қайталап жазады . Дауысты және дауыссыз әріптерді белгілейді .

  1. Сабақты қорыту :

Ой қорыту

  1. Бүгінгі сабақта қандай тақырып оқыдық? Көгершін

  2. Көгершін деген не? Құс

  3. Көгершін ненің белгісі екен? Бейбітшілік белгісі

  4. Сендер көгершіндерге қандай қамқорлық жасайсыңдар ? Оларға жем , су береміз .

5 . Үйге тапсырма

Көгершін мәтінін оқып келу

6 . Бағалау .





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал