Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Кім жүйрік ойға- сол алда 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 1.Алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдерін іс жүзінде көрсете білу. 2.Әр баланың ерекшелігін таныта отырып, білімге деген құштарлығын арттыру.3.Білімділікке,адамгершілікке, Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға
предварительный просмотр материала

Математика 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу арқылы құру арқылы шығару

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сондай -ақ, есепі теңдеу құру арқылы (алгебралық) шығаруға үйрету, есептеу дағдыларын жетілдіру.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс- әрекетін,дүниетанымын дамыту пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру

ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге және имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: рейтинг, эвристикалық,сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір -талас.

Көрнекілігі: Сиқырлы сандық, білім туралы нақыл сөздер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылардың көңілін, назарын сабаққа аудару.

3.Психологиялық дайындық:

Бүгінгі күн ерекше,

Мен сабақта, мектептемін.

Менің зейінім тұрақты

Менің сабаққа ынтам зор,

Өйткені мен бақыттымын!

Біздің осылай бақытты өмір сүруіміз ненің арқасында?

-Отанымыздың.Ендеше қандай мерекені тойлап тастадық.?

- 16- желтоқсан -Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

-Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бүкіл әлемге танылды.Олай болса біз де алған білімімізді көрсетейік.

Қызығушылығын ояту.

Алланың жер бетіндегі елшісі Мұхаммед пайғамбар білімдар ғұлама болған.Бірде Мұхаммед пайғамбарға періштелерінің бірі «Білім артық па, жоқ дүние-байлық артық па ?» деп сұрақ қояды.

Не деп жауап бергенін білгілерің келе ме?Ол жауаптармен біз бүгінгі сабақтың міндеттерін орындау барысында танысамыз.

Бүгінгі сабағымыздың міндеті: ынтымақтаса отырып, есепті теңдеу құру арқылы шығарамыз.Тез есептеуге және өз бетімізбен жұмыс істеуге дағдыланамыз.

ІІ. Өткен сабақты бекіту

1-тапсырма Ойын «Жылдамдығыңды көрсет» соңғы жауабы тексеріледі.

Үнтаспадан «Бозжорға» әні орындалып тұрады.

1-жауап «Сиқырлы сандықтан» жеңімпаз бала оқиды.

Білім артық.Себебі, ол Пайғамбардан қалған мұра.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу арқылы шығару.

  1. Теңдеу дегеніміз не?

2-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.

№1 есеп, Ауызша.

-Есепте не туралы айтылған?

Ауызша түрде талданып, қорытындылау.

1 кг сары май- 800тг

Жарты кг май-400тг немесе 500г сары май- 400г

Талдау әдісі арқылы: 1 кг= 1000г

200г май 1000г 1/5 бөлігі

100г = 80 тг

200г = 160 тг

Жауабы : 400 тг, 160 тг.

2-жауап оқылады. Білімің көп болса, досың көп болады.

№2 есеп

1/5 18 бет Шешуі: 18:5 = 90

Барлығы ? бет

Жауабы: барлығы 90 бет

№3 есеп Есепті теңдеу құру арқылы шешеміз

-Есепте не туралы айтылған?

-Қоймадағы ұн туралы.

-Есептің сұрағы қандай?

Шартын жазамыз.

Барлығы- 1706 қап ұн

Асханаға жіберілгені- ? х қап ұн

Қалғаны- 1009 қап ұн.

Есепті шешу үшін теңдеу құрамыз.

1706-х=1009

Не белгілі? Не белгісіз?

х= 697

Жауабы: 697 қап ұн асханаға жіберілді.

3-жауапты оқу. Білімді іздей берсең, толып көбейеді.Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды.Оқушы білімін толықтай түсуде өздік жұмысына 3 деңгейлік тапсырма беремін.

1-деңгей Карточкадағы тапсырманы орындайды.

209 27 1176: 147

432 18 23138 : 23

2-деңгей. Математикалық диктант

480 мен 50-дің көбейтіндісінен 145-ті азайт

927-нің 9-ға бөліндісіне 312-ні қос.

4-жауап оқылады. Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаң да іріп- шірімейді, ал дүние ескіреді.

№4 есеп тірек сигналы арқылы тексеріледі

548 ? 399

548 - х = 399

х = 149

Жауабы:149 т қызылша

№5 Өзіндік жұмыс.

1-деңгейдегі оқушымен жеке дара жұмыс

Шешуі: 8 5 + х = 63

40 + х = 63

х = 63-40

х = 23

8 5 + 23 = 63

63 = 63

Жауабы: 23 көшет

Келесі жауап оқылады.

Білімді болсаң сені ел құрметтейді, сыйлайды.Ал, байлығың болса, қызғанышпен қарайды.

Логикалық есеп.

Айдананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда, 100 шықты.Айдана қандай сан ойлады?

х - 9 + 10 = 100

100-10+ 9 = 99

№7 есеп

Р= 64 см

S=? / 2 есе кем

Ені - 4 см

Ұзындығы -?

Шешуі: 64:2 = 32

32:4 = 8

Жауабы: ұзындығы 8 см

Аудан өлшем бірліктерінің қатынасы ереже арқылы талданады.Мысалы:

Тіктөртбұрыштың ауданы мен ені белгілі болса, ұзындығын табу үшін ауданын еніне бөлеміз.

Логикалық есеп

1-ден 100 ге дейін 5 саны неше рет қайталанады?

5,15,25,35,45,50,51,52,53,54,55,56,57,58,59,65,75,85,95- 20 рет

Жауап сандықтан алып оқылады.

Білім- өміріңді жарық етеді, ал дүние тура жолдан тайдырады.

№9 Ұжымдық жұмыс

Амалдарды тақтада орындайды.

«Білім арқаны» ойыны

1-деңгей №9, 1-бағаны

2-деңгей №9, 2-бағаны

3-деңгейге тапсырма

х + ана = пана х ала = бала

Шешуі әртүрлі болуы мүмкін

Мысалы:

х + 500 = 7500 х 200 =1200

Соңғы жауапты бүгінгі сабақтағы ең білгір оқушы оқиды.

Білімді адам ақылды, даналы, өмірге дұрыс көзқарасымен сөйлейді, ал кейбір дүниесі көп адам мақтаншақ, өркөкірек болады.

Ой тұжырым

«Білімдінің беті жарық,

Қайда барса да жолы ашық»- дегендей періштелерінің сұрағына Мұхаммед пайғамбар не деп жауап берген екен?

-Сонымен, Мұхаммед пайғамбарымыз нені артық депті?

-Білімді.

-Ендеше, тек қана білім бізді дамыған елдер қатарына жеткізеді.

Топтастыру әдісі:

БІЛІМАдам көркі адам қаруы



байлық күш



шырақ өмірлік жолдас



Оқушылардың білімін бағалау

Үйге: №6







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал