Сабақтың тақырыбы: 'Санды теңсіздіктер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сыныбы, пәні: 6-с., математика

Пән мұғалімі: Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Утегенова Айнур Туреахметқызы

Күні: 03.02.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы

Санды теңсіздіктер

Мақсаты

Оқушыларға санды теңсіздіктердің жазылуын, сандарды салыстыру,

қатаң, қатаң емес теңсіздіктерді меңгерту және осы тақырып бойынша алған білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

А) Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика туралы біледі.

В) Кездейсоқ оқиғаның анықтамасын айтады және оқиғаның ықтималдығына есептер шығарып, статистикалық мәліметті кесте, диаграмма арқылы көрсетеді;

С) Оқиғаның ықтималдығын табуды, диаграмма тұрғызудың шешілу барысын өзара талдап, қорытынды жасайды.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта, флипчарт, смайликтер, қима қағаздар, рефлексия парағы, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру,жұптық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақбарысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

2. Психологиялық дайындық

- Балалар жүректеріңді тауып, екі қолдарыңды көкіректеріне қойып дүрсілін тыңдап көріңдерші.

- Енді жүректің орнына күннің бір бөлшегін елестетейікші. Күннің жарық, әрі жылы нұрлы шуағы бүкіл деңемізге, қолымызға, аяғымызға тарайды. Күннің нұры көп болғаны соншалық біздің денемізге сыймай бара жатыр.

- Балалар енді осы жылулықты бір - бірімізге жіберейік. «Қолдарын алдарына созып, алақандарын тік ұстайды.

- Балалар, барлығыңа да сәттілік тілеймін.

3.Үй тапсырмасын тексеру:

- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді? ( )

Мұғаліммен амандасады.


Оқушылар бірге қосылып айтады.

Осы есептерге оқушылар өз пікірлерін білдіреді, яғни қате кеткен жағдайда стикерге жазады. Сөзталас орын алуы да мүмкін. «Дұрыс емес» деген жауап болмайды, әр оқушының жауабы дәлелді болса, қабылданады.

Тұсаукесер

Ой қозғау: Интербелсенді тақта арқылы слайд-шоу тамашалау.

1. Екі санның айырмасы оң сан болса, онда біріншің сан екінші саннан үлкен. 5-3=2, 2>0; Ендеше 5>3. -2-(-4) =-2+4=2 , 2>0; Ендеше -2>-4.

2. Екі санның айырмасы теріс сан болса, онда бірінші сан екінші саннан кіші. 3-6=-3; -3<0, Ендеше 3<6.

Әрбір жұппен отырған оқушыға кесте - 1 беріледі. Кестеде салыстырылатын екі санның біреуі екіншісінен үлкен немесе кіші екенін анықтап, берілген екі санның айырмасына қарап қорытынды жасайды.

1 оқушы шығып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды, сөздердің астын сызады.

Негізгі бөлім

Көздерін жеткізгеннен кейін бүгінгі тақырып «Санды теңсіздіктер» екендігі айтылады.

Дәптерге күннің жадын,сабақтың тақырыбын жазу.

1) Сабақтың мақсатын ашу.

Оқушылардың өздеріне сабақтың мақсатын анықтату:

  1. Санды теңсіздік дегеніміз не?

  2. а мен b сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз?

  3. Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?

2) Жаңа тақырыпты меңгеру.

Егер теңсіздіктер < немесе > белгілеуімен жазылса, қатаң теңсіздіктер деп аталады.

Егер теңсіздіктер ≤ немесе ≥ белгілеуімен жазылса, қатаң емес теңсіздіктер деп аталады.

3)Оқулықпен жұмыс.

4) Сергіту сәті. «Дұрыс», «Дұрыс емес»

5) Өзара бағалау (смайликтер арқылы)

Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтап алады.


Оқушылар оқып шығады. Жұпта талқылап, өз нұсқаларын ұсынады.

Оқушылар қолдарындағы «дұрыс», «дұрыс емес» деген жазуы бар қима қағаздарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді. Қажет жағдайда түсіндіреді.

Қорытынды


4)Бағалау:Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын

5)Үйге тапсырма: №892, № 894, № 899

6)Рефлексия

(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!


Кері байланыс парағы ________________________________________________________

Мен сабақта жұмыстандым

Қарқынды

Қарқынсыз

Мен сабақтағы жұмысыммен

Қанағаттанамын

Қанағаттанбаймын

Сабақ мен үшін көрінді

Қысқа

Ұзақ

Сабақта мен

Жалыққан жоқпын

Жалықтым

Сабақ тақырыбы маған

Түсінікті

Пайдалы

Қызықты

Түсініксіз

Пайдасыз

Қызықсыз

Менің көңіл-күйім

Жақсы болды

Нашар болды







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал