Открытый урок по математике на тему 'Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Алгебра. 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.Сабақтың мақсаты:Білімділік: бірмүше және оның стандарт түрі жөнінде мәлімет беру, коэффициент, бірмүшенің дәрежесін ұғымын меңгерту.Дамытушылық: амалдарды орындауда тиімді тәсілді қолдануға, бірмүш
предварительный просмотр материала

Алгебра. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бірмүше және оның стандарт түрі жөнінде мәлімет беру, коэффициент, бірмүшенің дәрежесін ұғымын меңгерту.

Дамытушылық: амалдарды орындауда тиімді тәсілді қолдануға, бірмүшелерді көбейтуге, стандарт түрге келтіруге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға, мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу, пәнге деген қызыуғывшывлығын арттыру.

Пәнаралық байланыс: өмірмен, әдебиетпен.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, формулалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа тақырып өту

4. «Кім жылдам?» ойыны (Есептер шығару)

5. Үй тапсырмасын қорытындылау, бекіту

6. Бағалау, бекіту

7. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарының түгелдігін тексеру, сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып өту

Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Мысалы: 2х3 *(-3) а2сх =6а2сх4

Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды.

Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.

Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткішінің қосындысы бірмүше дәрежесі деп аталады.

-6а2сх4 дәрежесі 7-ге тең.

7авсху дәрежесі 5-ке тең.

ІV. «Білмеген масқара емес,

Білгісі келмеген ұяттырақ» деп Сократ айтқандай түсінбеген жерлерің болса, сұрауларыңа болады. Енді толық бүгінгі тақырыпты меңгеру үшін есептер шығарайық.

Сыныпты үш топқа бөліп, «Кім жылдам?» ойынын ойнайық,

І. «Ағаш қақпа»

ІІ. «Темір қақпа»

ІІІ. «Алтын қақпа»

Қай топ қақпалардан өтіп мәреге жетсе, сол топ жеңімпаз аталады.

І. «Ағаш қақпа» есептері

№ 155, №156 әр топқа 2 есептен.

ІІ. «Темір қақпа» есептері

№ 154, №165 әр топқа 1 есептен

ІІІ. «Алтын қақпа»

Логикалық есеп үш топқа беріледі.

V. Үйге тапсырма беру.№ 158, №159

VІ. Мәреге жеткен топты мадақтау, қорытындылау.

VІІ. Ерекшеленген, есеп шығарған балаларды бағалау.

VІІІ. Бүгінгі тақырыпты сұрақ-жауап арқылы бекіту.

Үйге тапсырма беру.№158, № 159





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал