• Учителю
  • Математика
  • Поурочный план по математике на тему Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу (6 класс)

Поурочный план по математике на тему Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font size="4">Сабақтың тақырыбы: «Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу»

тақырыбына есептер шығару. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Санды теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалана отырып бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу жолдарын үйрету, мәселе есептерді теңсіздік құру арқылы шығару дағдысын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру, рухани-адамгершілік қасиеттерді насихаттау, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интегративтік (кіріктірілген) сабақ.

Сабақтың типі: Білім бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Оқушылардың жеке жұмысы, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, тестілеу құрылғысы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Ауызша сұрақ-жауап.

ІІІ.Тест тапсырмасы.

IV. Ойтүрткі.

V. Интеллектуалды модельдеу.

VI. Сергіту сәті.

VII. Миға шабуыл.

VIII. Топ басшыларының есеп беруі, бағалау.

IX. Үйге тапсырма.

X. Рефлексия.

Сабақтың кезеңдері:

І. Оқушылармен амандасу, түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау. Оқушылар деңгейлері бойынша топқа бөлініп отырады, топ басшылары тағайындалады, оларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл- ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл-ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл-өте жауаптысы».(Конфуций). Олай болса, сабақ барысында әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды.

ІІ. Ауызша сұрақ-жауап кезеңінде қойылатын сұрақтар:

  1. а және в сандарын қалай салыстырамыз?

  2. Координаталық түзуде сандар қалай орналасады?

  3. Санды теңсіздіктердің 1,2,3 қасиеттерін тұжырымда.

  4. Санды теңсіздіктердің 4,5,6 қасиеттерін тұжырымда.

  5. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?

  6. Бір айнымалысы бар теңсіздік және оның шешімі деген не?

  7. Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешу үшін не істейміз?



ІІІ. Активод-тестік құрылғысымен алынатын тест тапсырмалары:



IV. Ойтүрткі кезеңінде әр топқа 6 есептен тұратын тапсырмалар беріледі:

1.Берілген теңсіздіктің шешімі болатын ең кіші натурал санды табыңдар:

а)

б)

2.Берілген теңсіздіктің шешімі болатын ең үлкен бүтін санды табыңдар:

а)

б)

3. Берілген теңсіздіктің шешімі болатын ең кіші бүтін санды табыңдар:

а)

б)

Есептердің жауаптары тақтада жазылып тұрады, дұрыс жауапты таба білген оқушы есепті тақтада орындап көрсетеді. Әр жауаптың сыртында сәйкесінше сөздер шығады: жалқау, дөрекі, мейірімсіз, өтірікші, дұшпан, сараң. Табылған сөздерді шыршаға апарып ілген кезде шыршамыз өте сәнсіз болып көрінеді, сондықтан оны жарқырату үшін келесі тапсырмаларға көшеміз.

V. Әр топқа тиісті тапсырмалар беріледі:

  1. №1013(5)

  2. №1013(6)

  3. №1026(1)

  4. №1026(2)

  5. №1032(1)

  6. №1032(2)

Есептердің жауаптары тақтада жазылып тұрады, дұрыс жауапты таба білген оқушы есепті тақтада орындап көрсетеді. Әр жауаптың сыртында сәйкесінше сөздер шығады: еңбекқор, сыпайы, қайырымды, шыншыл, дос, жомарт. Табылған сөздерді шыршаға апарып ілген кезде шыршамыз өте сәнді түрге енеді. Математикадағы қарама-қарсы сандар сияқты адам бойында да жақсы қасиеттермен қоса жағымсыз қасиеттер болады екен. Өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді бөлісе отырып, денемізді сергітейік.

VI. Сергіту сәті кезінде оқушыларға дұрыс тұжырымдама және бұрыс тұжырымдама оқылады. Оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын бүйірлеріне қояды. Егер тұжырымдама дұрыс болса, онда бастарын алға және артқа (денелерімен алға және артқа), ал егер тұжырымдама дұрыс болмаса оңға және солға (денелерімен оңға және солға) бұрады. Оқылатын тұжырымдамалар:

  1. 25-натурал сан.

  2. -15 оң сан.

  3. 0-натурал сан.

  4. 0- өзіне-өзі қарама-қарсы сан.

  5. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар бүтін сандар.

  6. 1,5 сағ 90 минутқа тең.

  7. Таңбалары бірдей сандарды қарама-қарсы сандар дейді.

  8. Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан болады.

VII. Миға шабуыл кезеңінде әр топқа теңсіздік құру арқылы шығарылатын мәселе есептер беріледі, есепті әр топтан бір оқушы тақтада шығарады:

  1. Айжан екі дәптер және 60 теңгеге қаламсап сатып алып, барлығына 130 теңгеден кем ақша төледі. Дәптердің бағасын бағалаңдар.

  2. Тізбектей алынған үш натурал санның қосындысының мәні 74-тен үлкен. Осы сандардың ең кішісін тап.

  3. Тақ санның келесі екі тақ санмен қосындысының мәні 95-тен үлкен. Осы тақ сандардың ең кішісін тап.

Әр есептің жауабы тақтада әртүрлі түспен сызылған дөңгелекшелерде жазылған. Осы дөңгелекшелерді ашу арқылы «достық», «байлық», «мансап», «ақша» сөздерін аламыз.

VIII. Топ басшылары өз тобындағы сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өтеді, сәйкесінше бағаланады.

ІХ. Рефлексия кезінде оқушылар жоғарыда ашылған «достық», «байлық», «мансап», «ақша» сөздері туралы өз ойларын айта отырып,

«достық > ақша +байлық +мансап» теңсіздігін алумен сабақ қорытындыланады.













если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал