Конспект урока математики в 1-ом классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Математика 1 сынып «Кеңгір селосының № 2 орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова А. А. Тақырыбы 9 саны және цифры Мақсаты 1) 9 санымен және цифрымен, ол санды шығарып алу жолдары, оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру.2) Оқушылардың ойлау,есептеу дағдыларын
предварительный просмотр материала

Математика 1 сынып

«Кеңгір селосының № 2 орта мектебі»

бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова А. А.


Тақырыбы

9 саны және цифры

Мақсаты

1) 9 санымен және цифрымен, ол санды шығарып алу жолдары, оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру.

2) Оқушылардың ойлау,есептеу дағдыларын дамыту,9 цифрын дұрыс жазуға үйрету.

3) Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

аралас сабақ

Сабақтың әдісі

сұрақ- жауап, түсіндіру

Көрнекілігі

сандар қатары, 9 цифрының үлгісі, дидактикалық материалдар


Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық

Күн міне ерте оянды, әйнекке біздің қарады.
Асығамыз сабаққа, шақырған соң математика.


II. Үй тапсырмасын сұрау


Үйге берілген тапсырманы аралап тексеру, пысықтап - талдау.
- «Кім жылдам» ойынымен 8 санының құрамын жазу


III. Мақсат қою

1.0-дан 8 дейін тура, кері санау (бір біріне доп лақтыру арқылы)
2. Қандай санды жоғалтым. 0,. 3. 5. 7

3.Логикалық тапсырма:
Алты қонжық көңілді,
Тергісі келіп таңқурай.
Тоғайға қарай беттеді,
Шаршаңқырап ең кішісі,
Қалып қойды достардан.
Ал енді жауап беріңдер?
Озып кеті қонжықтың,
Алға қарай нешеуі?
4.Жұмбақ шешу :
Менімен таныс емесің,
Теңіз бүбі қонысым.
Аяғым сегіз ,басым бар,
Айтшы қане кіммін мен ?(сегізаяқ)


Сегіз аяқ ,сегіз қол, кестелейді тігеді.
Жібектей әсем дөңгелек,
Пайдасын шебер біледі болғандықтан ол керек.
Алыңдар сатып шыбындар сендерге де сол керек. (өрмекші )
-Бүгін біз сабақта не үйренеміз? 9 санын шығарып алуды,9 цифрын жазуды.

IV. Жаңа сабақ

- Сандар қатарындағы 9 санының орны қайда?
- 9 саны қай саннан кейін келеді? Неліктен?
5. Кітаппен жұмыс: № 2 тапсырма бойынша оқушылар 9 санын қалай шығарып алуға болатынын айтады.түсіндіреді.
6. Дәптермен жұмыс :
- № 2 тапсырма бойынша 9 цифрының жазу үлгісімен танысу, жазу.
7. Өзіндік жұмыс: № 3,5

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам болады сонда он саусақ (қимылмен көрсету)


V. Сабақты бекіту

1. Дәптермен жұмыс
- № 2 тапсырма бойынша 9 цифрының жазу үлгісімен танысу,жазу.

2. Ребус шешу: к г
-мына ребусты шешсеңдер бір сан шығады.( С 2 5)

3. « Құлпынай жинап себетке сал» ойыны - 3-8 сандарының құрамын табу.

4. Үйге тапсырма: № 5, 6

Сабақты қортындылау

-Қандай санмен таныстық ?
- 9 саны қай санан кейін тұрады ?
- бүгінгі сабақ ұнады ма ?
- сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал