Күнтізбелік жоспар: Тақырыбы 'Toys' (1сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№18

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 « »

Сабақтың тақырыбы: Unit 5. Lesson 2. Toys

Сабақтың мақсаты: Is it a ….? Сұраулы грамматикалық құрылымын пайдалана отырып, «Toys» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру. Ойыншықтарды белгілейтін жаңа сөздерді енгізудің жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Bb, Cc әріптерімен таныстыру. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту. [b], [k], [ei], [α:]

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: қызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру Bb, Cc әріптерінің дыбыстық бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру.

Тұлғалық: өз ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға баулу оқушылардың бейнелі ойнау қабілетін дамыту.

Жүйелік - әрекеттік:оқылатын грамматикалық құрылымдар шеңберінде жаттығулар орындаған және жеке сөйлем құрған кезде үлгі бойынша шс - қимыл жасау.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленген флэш - карталар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы

Пәнаралық байланыс:музыка, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning, Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning!

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз ойыншықтардың атауымен танысамыз және олар туралы әңгімелесуді үйренеміз. Сонымен қатар Bb, Cc әріптерін үйренеміз.

  • Тірек білімді белсенділеу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? онымен амандасыңдар.

[ɔ:] - a ball, doll - a doll

[ei] - plane, train - a train

[α:] - car - a car

[æ] - apple - an apple, cat - a cat

Оқулықпен жұмыс

1- жаттығу: Look listen and learn.

  • Look at this picture. Әлібек пен Анар қызықты ойын ойнап жатыр.

2- жаттығу. Answer the question.

3 - жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen

Сергіту сәті

Bend and clap, clap.

Bend and stamp, stamp.

Turn around and bend

And stamp, stamp, stamp

Дәптермен жұмыс

1- жаттығу. Listen and choose. Circle the correct answer

2- жаттығу. Circle the correct word

1- сурет. Train/plane

2- сурет. Doll/car

3- сурет. Ball/car

4- сурет. Plane/doll

3- жаттығу. Colour the picture and say the words. Оқушылар заттарды бояп атайды.

4- жаттығу. Trace

Оқушылар Аа әріпін айналдыра сызады, екінші жолды өз бетінше жазады.

5- жаттығу. Write the letter. Translate the sentence. Оқушылар сөздегі жетіспейтін әріпті жазады және заттарды атайды.

V Сабақты қорытындылау

  • Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата - аналарыңа бүгінгі сабақ туралы не айтасыңдар?

Тесте қандай тапсырмалар сендерге қйын болды?

  • Бүгін біз бұрын үйренген сөздерді қайталадық. Оларды атаңдар (Plane, train, doll, ball, car, apple, ant.). ағылшын әліпбиінің бірінші әрпі - Аа әрпімен таныстық және оны жазуды үйрендік. Балалардың жетістігін мадақтап отыру өте маңызды.

Goodbye children!







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал