Конспект урока по казахскому языку для 1 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Һһ дыбысы Сабақтың мақсаты:Білімділік: Һ дыбысы және оның әріп таңбасыментаныстыру, дұрыс айтуға дағдыландыру. Һ дыбысы бар буындарды, сөздерді дұрысайтуға, оқуға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, бекіту.Дамытушылық: оқушылардың еске сақт
предварительный просмотр материала

Сабақтың реттік саны:............ Өтілетін уақыты:............

Сабақтың тақырыбы: Һһ дыбысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Һ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, дұрыс айтуға дағдыландыру. Һ дыбысы бар буындарды, сөздерді дұрыс айтуға, оқуға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың еске сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, таныстыру, ойын

Көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп, сурет, кітап, қима қағаз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1) -Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-ң қандай әріп?

-ң әріпі кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

2) «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны.

а... қо...ырау

ша...ғы са...ырауқұлақ

ша...


ІІІ. Қайталайық!


Дыбыстарды қайтала, екі мысал айт.

Ә Ұ Ү Ө Ы І Қ Ғ ң


ІV. Жаңа сабақ.


1) Мұғалім сөзі:

-Балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыс Һ дыбысымен танысамыз.

Һ дыбысының айтылуын меңгерту.

Для произношения Һ артикуляционный аппарат подготовьте как для произношения Х. После чего через гортань произнесите звук.

-Қане, бәріміз Һ деп айталық.


2) Оқулықпен жұмыс.


Һһ

Зрительная модель звука


Ережемен таныстыру.

Һ - звонкий согласный звук. В казахском языке употребляется очень редко и только в середине слова. Например: Гауһар, жиһаз, айдаһар.


3) Буынға бөліп оқы.

аһ һа

һар һан


4) Суретті сөздікпен жұмыс.

Айдаһар-дракон

Жиһаз-мебель

Қаһарман-отважный

Гауһар- имя

. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру;

. Сөз тіркестері мен қысқа сөйлемдер құрату.


5) Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.


6) Жазу.

а) жазуға қолды даярлау;

ә) ауада жазу;

б) әріптің жазылуын бақылау;

г) баспа және жазба түріне көңіл бөлу;

с) әріптің үстінен басып жазу;


V. Бекіту.

Һ әрпі қай сөзде бар? Суреттер көрсетіледі.


VІ. Қорытындылау.

-Мынау қандай дыбыс?

-Һ дыбысы бар қандай сөздермен таныстық?


VІІ. Үйге:, үлгіні жазу.






если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал