Балдәурен жыршысы - Бердібек (Қазақ әдебиеті, 5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Сыныбы:

5 «а» - сыныбы

Уақыты:

16.11. 2013 ж

Тақырыбы:

Сыныптан тыс шара «Балдәурен жыршысы - Бердібек»

Мақсат-міндеттері

А) Ақпараттық құзіреттілік



Б) Коммуникативтік

құзіреттілік

С) Проблеманы шешу

құзіреттілігі





Ақпарат көздері арқылы балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Б. Соқпақбаев өмірі және оның шығармалары, соның ішінде желісі бойынша фильм түсірілген «Менің атым Қожа» повесі туралы ой қозғай отырып меңгерту.

Әңгімені талдай отырып балалардың бойында адамгершілік, ұқыптылық, тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыру.

Тапсырмалар арқылы оқушыларды актерлік шеберлікке, ортада өзін еркін ұстауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Әдеби ойын

Сабақтың әдісі:

Практикалық ақпаратты жинақтау, көрнекілік, көркемдеп оқу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру бөлімі

























II. Негізгі бөлім





































































































































































































































































III. Қорытынды бөлім



Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа дайындау.

Жүргізуші: Тамаша шығармалары арқылы балалардың көңілінен шығып, сол арқылы бірнеше буын өкілдерінен тұратын кішкене оқырмандардың құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Біздің қазақ балалар әдебиетінде осындай құрметке ие болғандардың ішіндегі шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі -

Бердібек Соқпақбаев.

Бердібек Соқпақбаев балалар үшін жаралған жан болатын. Өзінің шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Б.Соқпақбаевтың есімі тек қазақ балаларына ғана емес, көптеген шетел балаларына да жақсы танылды. Оның кітаптары әлемнің 20 шақты елінің тіліне аударылса, «Менің атым Қожа» повесі бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине, бұл біздің әдебиетіміз бен кино өнері үшін үлкен жетістік болғаны даусыз...

(«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді.

Сценариі - Б.Соқпақбаев, режиссері - А.Қарсақбаев)

Қай-қайсымызға да экраннан көріп жүрген Қожа туралы кітапты жазған Бердібек Соқпақбаевты жақсы көрмеуіміз мүмкін емес. Қожа әрқайсымыздың жанымызға жақын да таныс кейікер. Балалар, бүгін біздер Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» және тағы басқа шығармаларына саяхат жасап, әдебиеттен алар орны жайында әңгімелеспекшіміз, ой бөліспекпіз.

Бердібек атаның «Жекпе-жек», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Чемпион», «Алыстағы ауылда» , «Қайдасың, Гауһар?» повест-романдарын, көптеген әңгімелерін оқымайтын қазақ баласын табу өте қиын. Бердібек ата өзінің балалық шағынан алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай, сол сол ғажайып көңіл мен көріністердің өзін оқырмандарына жеткізе білген жазушы. Жеткізіп қана қоймай классик жазушыға, ақта сүйікті жазушысына айналды. Балалық шақта жазушы өзінің кейіпкеріне қатты ұқсапты. Олар сияқты ауылдың қара сирақ баласы болған. Әсіресе, өздеріңе арнап жазған бір шығармасының кейіпкеріне өте ұқсайды. Ол кейіпкерді кім деп ойлайсыздар?

- Дұрыс-ақ, ендеше Қожаның сұрақтарына жауап берелік.

1-сұрақ:

Қожа өскенде қандай маман иесі болуды армандады?

2-сұрақ:

Сұлтан екеуінің қарақшылық өмірі қанша уақытқа созылды?

3-сұрақ:

Қожаның үйінде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгені белгілі. Сонда кімнің мәселесі қаралды?

4-сұрақ:

Дойбы ойнап отырған кезде Жанар Қожаны не үшін "Мақтаншақ Қожа" деп атады?

5-сұрақ:

Қожаның он үш жыл өміріндегі ең қатігез күн қашан болып еді?





- Келесі аялдама бойынша «Үнсіз бейнеле» ойыны арқылы өздеріміздің актерлік шеберліктерімізді анықтайық.

1."Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті.Ох, шіркін - ай!"

2. "Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін".

3. "Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен - ақ шығара ма ?"



Жүргізуші: Балалар, дегенмен, Қожа - қазақ балаларының Том Сойер іспетті сүйікті кейіпкері. «Менің атаым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласын өзіне аударады. Повестің өн бойында мейір қозғайтын, әдеп ұқтыратын және оны әдейілеп оңашаламай, оқиға барысындажымдастырып келтіретін тұстары мол.

Осындай Қожаның сырын оқығанда, қай-қайсымыздың есімізге әкеміз түсері сөзсіз. Жазушы әкенің қадірін осылай әдемі әдіспен айтып өтеді.

Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екіжүзділерге қаны қайнайды.



Ұяшықтарды таңдап, берілген сөз кімнің сөзі екенін анықтайық.

Мынау кімнің сөзі?

" ... Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітабың түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба? "

" ... Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды..."

" ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым - тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма... "

" ... Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуымен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздікті істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам..."

«Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.»

«Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?»

"Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер."

«Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер?»

" Түбінде адам болатын бала... "



Мінезіңді таны.







Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыздар, Бердібек ата «Менің атым Қожа» повесін сіздер сондай сотқар, тентек бала болсын деп жазды ма?



Иә, ендеше біздер Бердібек ата қалаған тәртіпті де тәрбиелі, тіл алғыш, алғыр оқушы болып өсуіміз керек!

Белгілі ғой өткен күнде сыр бары,

Талай тұлға сол сырларды жырлады.

Естелік пен тәтті елестен құралған

Жасай берсін балалықтың жырлары!



Барлығыңызға бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін рахмет! Сау болыңыздар!



Мұғаліммен амандасып, кімнің сабақта жоқ екенін айту.Оқу құралдарын дайындау















Слайдты тамашалайды.















Балалар жүргізуші сұрағына жауап береді:

- Қожаға ұқсаған.

Балалар оқыған әңгімелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді:

1-сұраққа жауап:

Қожа өскенде жазуш ы, ақын болсам деп армандады.

2-сұраққа жауап:

Сұлтан екеуінің қарақшылық өмірі бір күнге созылды.

3-сұраққа жауап:

Ол кезде Қожа қзінің мәселесін қарады. Өзіне ережелер орнатты.

4-сұраққа жауап:

Қожа «қазір ұтамын» деп алып, жеңіле бергені үшін оны Жанар солай атады.

5-сұраққа жауап:

Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға салған педкеңес болған.





Берілген мәтінді үнсіз, сөйлемей, тек қимылмен, өзінің жүріс-тұрысымен бейнелейді.





Айдос: «...Әке деген сөзді айтқанда жүрегім қарс айырыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық! Еһ, қайран әкем! Кім біледі, жер әлемді шулатып, сотқан Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен шығар...»

Ғани: «...Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу - көргенсіздіктің белгісі деп мамам мені талай баулыған. Сол парызымды амалсыз өтеп, «сәлеметсіз бе?» дей салдым...»



Сұрақтарға жауап береді.





- Сұлтан





- Қожа









- Қожаның әжесі





- Қожа





- Қожа

- Майқанова апай





- Сұлтан

- Жантас



- Директор ағай



Алдарындағы парақшаларға өз мінездерінің жақса-жаман жақтарын жазып, түзету жолдарын жазады.





Жүргізуші сұрақтарына жауап береді:

Жоқ, керісінше біздер ондай болмасын, тәртіпті болып өссін деп жазған.

Мұғалім мен оқушы арасында түсінік қалыптасады.















Сыныптан тыс шараны сабақ тақырыбымен ұштастырады.

















Слайд арқылы тақырып бойынша ақпарат алады.

Оқушылар фильмнен үзінді тамашалап, көрген фильмдерін қайта еске түсіреді.

Оқушылар жазушының «Менің атым Қожадан» басқа да шығармала-рымен таныс болады.











































Қожаның сұрақтарына жауап беру арқылы шығарманы тағы бір пысықтайды.



































Бұл тапсырма арқылы балардың актерлік шебекрліктері анықталып, дамытылады.





















Қожаның шығарма барысындағы сөздері арқылы шын бейнесі ашылады.















































Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған ақпараттары бекітіледі.

















































Өз мінездерін тексеру арқылы жан-жақты ашылу, теріс қылықтарын түзетеді.



Мұғалім сөзі арқылы сыныптан тыс шара қорытындыланады.









если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал