Краткосрочный план урока по теме 'Сәрсенбі. Сан есім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары № 3

Апта

Күні Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сәрсенбі. Сан есім.

Жалпы мақсаты:

Сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып,ауызекі сөйлеуде қолдана білу.


Оқу нәтижесі:


Оқушылар уақыт тақырыбы бойынша диалог құрып, өзара сөйлесіп, сан есім нені білдіретінін, сан есімнің түрлерін ажыратып, сұрақтарын дұрыс қоя білулері тиіс. Сөздік қоры артады. Әділ болуға, байқағыштыққа, ұйымшыл болуға тәрбиеленуге тиіс.

Түйінді идеялар


Тапсырмалар




  1. Шеңбер құру.

  2. Мақал-мәтелдермен танысу.

  3. Сұрақ-жауап.

  4. «Сәрсенбі» мәтінімен жұмыс.

  5. ЖигСо әдісі бойынша «Уақыт», «Апта», «Ғасыр», «Жыл мезгілі».

  6. Ой толғаныс.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Оқушылар немен айналысады және мұғалімдер немен айналысады.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сөзі:

- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері - шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңберіне шығып, бір-біріне тілек айтады.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, енді тақтадағы мақал - мәтелдермен, нақыл сөздермен танысып өтейік.

«Сәрсенбі - сәтті күн»,

«Сәрсенбіде той жаса»,

«Сәрсенбінің сәтіне іс баста»,

«Сәрсенбіде жолға шық»

Бір дауыспен және жеке оқу.

Қазақ халқында сәрсенбі күні сәтті күн, қасиетті күн екеннін айтып өту. Осы күнге келтіріп үлкен тойлар жасаған, алыс сапарға аттанған. Осы күні басталған іс жақсы бітеді деген сенім болған. Қазіргі кезде де осындай сенім сақталып қалған.

ІІІ. Сұрақ-жауап. (Диалог).

-Қазір қай ай? -Қазір сәуір айы.

-Қазір қай жыл мезгілі? -қазір көктем мезгілі.

-Қазір сағат неше?

-Сағат сегіз жарым.

-Бүгін неше сабақ болады? -Бүгін алты сабақ болады.

-Бүгін қазақ тілі нешінші сабақ? - бүгін қазақ тілі сабағы бірінші сабақ.

-Сабақтан кейін сағат нешеде үйде боласың? -сабақтан кейін сағат екіде үйге барамын.

-Бүгін аптаның қай күні? -бүгін аптаның сәрсенбі күні.

(ендеше бүгінгі ай-күнді жазып қояйық.)

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

«Мағынаны ажырату сатысында оқушылар оқулықтағы «Сәрсенбі» мәтінін өз беттерімен түсініп, қабылдау, өзіне пайдасын алу. Дауыстап орыс тіліне аудару. Әр түрлі сұрақ қоя білу.

Уақытты белгілейтін сөздер: бүгін, сәрсенбі, таңертең, содан соң, түстен кейін, бейсенбіде. Тапсырма: осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

Ү. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ЖигСО-2 әдісі бойынша төмендегідей тапсырма беру. Оқушылар 3,4 топқа бөлінеді. Өз топтарында 1,2,3,4 нөмірлерге бөлінеді. №1,№2,№3,№4 жеке топтарға жиналады. Әр жеке топқа мәтін құруға тақырыптар беріледі:

А) «Уақыт».

Ә) «Апта»

Б) «Ғасыр».

В) «Жыл мезгілі».

Мәтінді талдап болғаннан кейін бастапқы өз топтарына оралып, түсіндіруге кіріседі.

ҮІ. Ой толғаныс сатысында жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түседі.

Мысалы: Сабақты қорытындылау мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талдауды ұсыну. (кестесі қоса берілді).

ҮІІ. Рефлексия.

Дереккөздер және жабдықтар:


Интербелсенді тақта, үлестірмелер, «жүрек» шаблоны, кесте.

Кейінгі оқу


Оқулықтағы 148-беттегі 3-тапсырманы орындап келу.

Сабақты бағалау


Балалардың белсенділік қабілетіне қарай бағалау, өзара бағалау, рефлексия арқылы баланың сабақтан алған әсерін анықтау арқылы бағалау.

Сабақ бойынша өзгертулер









если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал