'Саяхат. Жаратылыстанушы ғалымдар' тақырыбына арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Күні:

Сынып: 5

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: Саяхат.Жаратылыстанушы ғалымдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаратылыстанушы ғалымдар әлеміне саяхат жасап сол туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Жинақтаған білімдерін ары қарай дамыту.

Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, тәрбиелеу.

Сабақ типі:Аралас сабақ.

Сабақ турі: дәстүрлі

Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру

Көрнекіліктер: ғалымдардың суреттер, тірек сызба

Пән аралық байланыс: тарих, математика.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)

2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)

5.Бағалау (3мин)

6.Үйге тапсырма беру(1мин)

1.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

- сабаққа назар аударту

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Тірек сызба бойынша сөйлеу


Табиғатты оқып үйрену әдістері


Бақылау Тәжірибе Өлшеу


2.Құралдар әлеміне саяхат

Барометр- анероид -.

Дождомер -

Флюгер -

Анемометр -

Монокуляр -


3. Анықтама бюросы

1.Шыдамдылық

2. Қырағылық

3.Нақтылық

4.Топтасып жұмыс жасау

5.Қолжазба

6.Коллекция жинау

7.Бақылау

8.Қорыту


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ежелгі адамдардың ойында « Дүние » туралы түсінік болған жок.Олардың ойынша дүние дегеніміз өздерінің өмір сүретін тауларынан , өзендерінен, ормандарынан, үңгірлерінен тұратын орта деп есептеді.уақытөте келе аңаулайтын , жеміс- жидек жинайтын адамдардан жерді игеріп егін егетіндер,кейінірек қолөнершілер пайда болды.Ежелгі дүниенің негізі қалыптаса бастаған ғылымнығ шыңдалу кезеңі 16-17 ғасыр болып есептеледі.Ежелгі ғылымдардың бірі астрономия адамдарға күнделікті өмірге қажеттіліктен туындады.Жалпы ғылымдарды 2 топқа : жаратылыстану- табиғатты танутуралы ғылым; қоғамдық- қоғамтану туралы ғылым деп бөледі.Жаратылыстану ғылымын дамытуда ортажәне Таяу Шығыстың оқымыстылары көп еңбек сіңіреді.Леонардо да Винчи өзінің ойлап шығарған заттардың тізімі жазылған « Кодекс атлантикус » еңбегінде пантонды көпірдің , велосипедтің танктің , парашюттың ,ұшақтың, тікұшақтың,көптеген заттардың қазіргіге ұқсайтын жобаларынсызды.Герард Меркатор бірінші болып дөңгелек жерді тегіс картаға қалай түсіріудің жобасын жасады.Галилео Галилей 32 есе үлкейтіпкөрсететін телескопты ойлап шығарған.Иоганн Кеплер ғаламшарлардың айналу заңын ашып , соның негізінде ғаламшарлар кестесін құрастырды.Исаак Ньютон ағылшын оқымыстысы Дүние жүзі тартылысын ашты.Ломоносов.М.В орыстың бірінші жаратылыстанушы ғалымы. К.Линней швед жаратылыстанушысы жануарларды , өсімдіктерді туыстарға, түрге классификациялау әдістемесін ұсынды.Ч.Дарвин ағылшын жаратылыстанушысы органикалық дүниенің эволюциялық жолмен пайда болатындығы туралы теорияның негізін және адамдардың адам тәріздес маймылдардан пайда болған деген гипотезаның негізін қалады.Эдвине Хаббл американ астрономы бірінші рет андромеда тұмандығының жеке галактика екендігін дәлелдеді .Ш.Уәлиханов - қазақтың белгілі ұлы ғалымы Экспедицияларда шоқан ориенталогиялық, этномологиялық коллекция жинап гербарий құрастырған.Атақты ғалым ойшыл әл-Фараби ( 870-950) бірнеше тілде сөйлей білген, философ және энциклопедист оқымысты болды. Алғашқылардың бірі болып жұлдыздарды зерттеп ең ірі обсерваторияны салып,өлшеу құрал- жабдықтарын ойлап шығарады. Әл-Фараби ғылымдарды жіктеумен көп шұғылданады. Өзінің « Ғылымдарды жіктеу » деген еңбегінде математиканың салалары арифметика, геометрия және оптика, математикалық астрономия, музыкатуралыөзінің ойын, көзқарасын жазып қалдырады.Әбу-Райхан-әл-Бируни ( 973- шамамен 1050) - ұлы оқымысты - энциклопедист 150- ге жуық еңбек жазған. Өзінің ұстаздарының еңбектеріне шолу жасап отырып 1029 жұлдыздың орналасқан жерін қайтадан нақтылай түседі.бируни - Күн мен жұлдыздарды жалын шашқан шар десе Ғаламшарлар мен Айды күн сәулесін шағылыстыратын қою- қошқыл денелер деген.Поляк оқымыстысы Николой Коперник адамдардың ғарыш туралы түсінігіне үлкен өзгерістер алып келді.Күн Жерді айналмайды , керісінше Жер және басқа ғаламшарлар Күнді айналады деп жаңа теорияны қалыптастырады.1543 жылы « Аспан денелерінің айналымы » деген еңбегі жарық көрді.Сонымен қорыта келсек жаратылыстану ғылымына көптеген ғалымдар еңбек сіңірген.

4.Жаңа тақырыпты бекіту

Мына сөйлемді толықтырыңдар

  1. « Кодекс атлантикус » еңбегін жазған .........

  2. Әбу-Райхан-әл-Бируни ұлы оқымысты - энциклопедист ....... жуық еңбек жазған.

  3. Жалпы ғылымдарды 2 топқа :................................................

  4. 1543 жылы «.................................» деген еңбегі жарық көрді.

  5. Қазақтың белгілі ұлы ғалымы.................................


5. Оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма беру § 3 Саяхат.Жаратылыстанушы ғалымдар

7. Қорытынды.






если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал